Алматыда дропперлер қолға түсті
Алматыда заңсыз интернет-казинолардың жұмысын қамтамасыз еткен топ ұсталды. Олар онлайн-платформа арқылы ойыншылардан ақша қабылдаған. Бұл іске қатысушылардың бірі – шетел азаматы. Ол өзге елдерден өз банк шоттарын пайдалануға келісетін адамдарды тауып, аттарына Қазақстан банктерінің шоттарын аштырған. Осылайша күдікті 15 шетел азаматымен қатар өзінің картасын – ақша жылыстату үшін пайдаланған. Ойыншылардан 16 дроппердің шотына жалпы көлемі 110 млн теңгеден астам қаржы түскен. Күдіктілердің бірі қамауға алынды, тағы үшеуіне ешқайда кетпеу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Қылмыстық іс сотқа жолданды.
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04