Қазақстан мен Корея сауда айналымын екі есе арттырмақ
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сеулде Корея Республикасының Премьер-министрі Хан Сон Сукпен кездесті. Тараптар екі ел арасындағы сауда-саттықты екі есе арттырып, бірлескен өндірістерді көбейту мәселесін талқылады. Мемлекет басшысы 2027-2030 жылдарға арналған сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық бағдарламасын әзірлеуді ұсынды. Сондай-ақ көлік-логистика, машина жасау, цифрландыру, жасанды интеллект және медицина салаларындағы ортақ жобалар сөз болды. Қазір Қазақстанда корей капиталының қатысуымен мыңнан астам кәсіпорын жұмыс істейді. Сонымен қатар Корея тарапы Алатау қаласын дамытуға атсалысуға ниетті екенін жеткізді.
Автор
Мәдина Нағашыбай
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04