Бүгін – Құтқарушылар күні
Бүгін – Құтқарушылар күні. 1995 жылы құрылған арнайы қызмет бүгінге дейін мыңдаған адамды аман алып қалды. Қазір азаматтық қорғау органдарында 27 мыңнан астам қызметкер жұмыс істейді. Тек жыл басынан бері 8 мың тұрғынды құтқарған. Тағы 9 мың адамды қауіпті аймақтардан шығарды. Елде жыл сайын 18 мыңнан астам табиғи және техногендік төтенше жағдай тіркеледі. Оның шамамен 12 мыңы – өрт. Мұндай жүктеме құтқарушылардан кәсіби дайындықты, жедел әрекет етуді және кез келген жағдайға әзір болуды талап етеді. Сондықтан салада мамандардың біліктілігін арттырумен қатар, заманауи техниканы көбейтуге басымдық беріліп отыр. Кейінгі екі жылда Төтенше жағдайлар министрлігіне мың жарымға жуық жаңа құрылғы жеткізілген.
Автор
Жанел Нұрболатқызы
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04