Астанадағы жаңа әуежай құрылысы келесі жылы басталады
Астанада жаңа әуежайдың құрылысы келесі жылдың маусым
айында басталады. Жобаға әлемдегі ірі әуежай операторларының бірі саналатын
сингапурлық компания тартылады. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министрдің
орынбасары Серік Жұманғарин мәлімдеді. Жаңа аэропорт салу қажеттілігі
елордадағы жолаушылар ағыны мен жүк тасымалының артуымен байланысты. Биыл
қаңтар мен шілде аралығында Астана әуежайы 5 миллион 400 мың жолаушыға қызмет
көрсеткен. Ал жүк пен пошта тасымалы 8 мың 900 тоннаға жетіп, 20 пайыз өскен.
Сондай-ақ бұл көрсеткіш жылдан жылға көбейіп келеді. Әзірге жаңа әуежайдың
нақты қай жерде салынатыны, жобаның құны мен жылдық өткізу қуаты жарияланған
жоқ.
Автор
Ернұр Медет
Читайте также
Все
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04