Главная Новости Мемлекеттік басқаруды реформалайтын комиссия бекіді

Мемлекеттік басқаруды реформалайтын комиссия бекіді

Президент мемлекеттік басқаруды реформалау мәселелері жөніндегі комиссияның құрамын бекітті. Тиісті жарлық Ақорда сайтында жарияланды. Жаңа құрылымның алдында мемлекеттік басқару жүйесіндегі өзекті мәселелерді зерделеп, оны жетілдірудің тиімді жолдарын ұсыну міндеті тұр. Комиссия төрағасы Президент Әкімшілігінің Басшысы Роман Скляр, ал оның орынбасары болып Президенттің кеңесшісі, Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Әсет Ерғалиев таңдалған. Ал хатшылық жұмысын Айгүл Шайымова үйлестіреді. Алқа құрамына Үкімет мүшелері, бірқатар өңірдің әкімдері, Құрылтай депутаттары мен Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері енген. Комиссия отырыстарына талқыланатын мәселелердің мазмұнына қарай орталық және жергілікті атқарушы органдардың және өзге де ұйымдардың мамандары шақырылуы мүмкін.

Поделиться