Алматыда 5 адамды жалмаған өртке байланысты қылмыстық іс қозғалды
Алматыда бес адамның өмірін қиған өртке байланысты қылмыстық іс қозғалды. Қайғылы оқиға Бостандық ауданындағы жеке тұрғын үйлердің бірінде болған. Қаза тапқандардың арасында кәмелетке толмаған бір бала бар. Тілсіз жау таңғы сағат 4 шамасында тұтанған. Өрт шыққан аумаққа өрт сөндірушілер жедел жетіп, бір сағат ішінде қызыл жалынды ауыздықтаған. Полиция департаментінің мәліметінше, аталған дерек бойынша қазір қылмыстық іс қозғалған. Өрттің неден шыққаны және адамдардың қандай жағдайда көз жұмғаны анықталуда.
Салтанат Әзірбек, Алматы қалалық ПД ресми өкілі:
Бостандық ауданындағы жеке тұрғын үйде болған өрт фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу амалдары жүргізілуде. Өрттің шығу себебі мен адамдардың қаза болу мән-жайы анықталуда.
Читайте также
Все