4 мың адамдық тұрғын үй алабы салынуда
Талдықорғанда 4 мың адам тұратын жаңа қалашық бой көтеруде. «Жастар-3» – ауқымы жағынан шаһардағы ең үлкен тұрғын үй алабы болады. Жалпы жобаланған 800-ге жуық жеке тұрғын үйдің бүгінде 700-дейі салынып бітті. Оның 400-ден астамы кезекте тұрған әлеуметтік осал топтағы азаматтарға берілді. Жаңа шағын ауданға табиғи газ, ауызсу мен электр желісі толықтай тартылды. Көшелерге асфальт төселіп, қоғамдық көлік тұрақты қатынап тұр. Ендігі кезекте «Халықтық құрылыс» бастамасымен 1200 орындық мектеп және спорт кешені тұрғызылмақ. Сонымен қатар медициналық пункт пен үлкен саябақ салу да жоспарда бар. Арық желілері арқылы су жүргізіп, абаттандыру, көгалдандыру мәселесіне де ерекше көңіл бөлінеді. Ол үшін арнайы ұңғымалар қазылып, негізгі көшелерге жаппай ағаш егіледі.
Жеңіс Аңдабеков, Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары:
2027 жылға бюджеттік өтінімдер ұсынылуда. Бүгіннің өзінде 1.2 гектар құрайтын саябақтың құрылысы бюджетпен алдын ала мақұлданды. Сонымен қатар, денешынықтыру және сауықтыру кешенінің және де учаскелік пунктің құрылысы жоспарланған.
Читайте также
Все