Главная Новости Ерекше қажеттілігі бар азаматтардың сайлауға қатысуына жағдай жасалған

Ерекше қажеттілігі бар азаматтардың сайлауға қатысуына жағдай жасалған

Батыс Қазақстан облысында ерекше қажеттілігі бар азаматтардың сайлауға қатысуын қамту үшін барлық жағдай жасалған. Өңірде дауыс беру құқығына ие мүгедектігі бар 2 мыңнан аса адам тіркелген. Мәслихат сайлауы күні олардың құқығын қамту үшін арнайы жұмыс тобы құрылған. Жалпы облыста 673 сайлау комиссиясы жұмыс істейді. Қазір 4 мыңнан астам комиссия мүшесі таңдау жасар күнге сақадай сай. Соңғы мәлімет бойынша аймақта 452 мыңнан астам азаматтың дауыс беру құқығы бар. Сайлау учаскелерінде 200 онлайн сервис жұмыс істейді. Бұл қызмет дауыс берушілерге ақпарат беріп, сұрақтарына жауап береді.

Әділ Жоламанов, облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы:

Ерекше қажеттілігі бар адамдар үшін бізде барлық жағдай жасалды деп толық айта аламын. Учаскелік комиссияларды, дауыс бену мекенжайларын тексеріп шықтық. Ондағы пандустардың, қоңырау, арнайы жолақтардың боуын, қарап, мүгедектерге арналған арнайы бұрыштардың ондағы қажетті материалдың, яғни аудио бюллетеньдер, лупа сияқты қажетті жабдықтардың болуын қаткң қадағалап отырмыз.

Поделиться