Главная Новости Спорт кешенін салуға ₸18,8 млрд бөлінді

Спорт кешенін салуға ₸18,8 млрд бөлінді

Ақтөбеде «Халықтық құрылыс» бағдарламасы аясында салынып жатқан әмбебап спорт кешенінің құрылысына Инфрақұрылымды дамыту қорынан 18,8 млрд теңге бөлінді.

Қазір ғимараттың іргетасы құйылып жатыр. 5 мың орындық нысанда олимпиадалық стандартқа сай жүзу бассейні, спорттық және көркем гимнастика, футзал, волейбол, баскетболға арналған залдар болады. Жаттығу залдарына кәсіби спорт жабдықтары әкелінеді. Оларды сатып алуға да Инфрақұрылымды дамыту қорынан қаржы қарастырылған. Кешенді 2028-інші жылдың басында қолданысқа беру жоспарланып отыр. Спортшыларды даярлауға отандық және шетелдік жаттықтырушылар тартылады.

Аслан Жарасбаев, облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары:

Құрылыстың бастапқы кезеңінде 50 адам еңбек етіп жатыр. Құрылыс қарқыны күшейген кезде 200 адамға дейін еңбек ететін болады. Барлық құрылыс материалдары өзіміздің отандық өнімдер, осы Ақтөбе қаласынан әкелінетін өнімдер.

Поделиться