Главная Новости «Халыққа жақын»: Қарашаның талап-тілегін тыңдады

«Халыққа жақын»: Қарашаның талап-тілегін тыңдады

Ауыл тұрғындары мемлекеттік мекеменің табалдырығын тоздырмай-ақ, мәселесін жауапты маманға тікелей айта алады. Қазақстан Халық Кеңесі қолға алған жобаның мақсаты осы. Кеңес мүшелері Арал ауданына қарасты Қамыстыбас, Шижаға ауылдарына барды. Кездесуге келген тұрғындар әлеуметтік көмек, жұмысқа орналасу, білім мен медицина сапасы, инфрақұрылымға қатысты сауалдарын қойды. Жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне жататын мәселелер аудандық және облыстық әкімдіктермен бірлесіп пысықталады. Ал жүйелі шешімді қажет ететін мәселелер салалық орталық мемлекеттік органдарға жолданады.

Поделиться