Ирандағы шеру кезінде 100-ден астам адам қаза болды
Иранның 21 қаласында соңғы күндері өткен шерулер кезінде кемінде 106 адам мерт болды. Және де олардың мәйіті туыстарына қайтарылмаған. Мұндай мәліметті Amnesty International ұйымы жариялап отыр. Ал Біріккен Ұлттар Ұйымы Ислам Республикасында демонстранттарға оқ атылғанына алаңдаушылық білдіріп, Тегеранды күш қолданудан бас тартуға шақырды.
Өткен жұмада Иранның 100-ден астам қаласында мыңдаған адам шеруге шығып, жанармай бағасының 50 пайызға қымбаттауына наразылық білдірді. Кейбір деректерге қарағанда, көтерілістер қауіпсіздік күштерімен қақтығыстарға ұласып, 200-дей адам қаза тапқан. Алайда жергілікті үкімет құрбандар мен жараланғандар туралы әзірге ресми ақпарат таратпай отыр.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Оқушылар экологияны қорғауды ойын арқылы үйренді
26.11.2026, 10:35
Қос алыптың қайраткерлігі насихатталды
26.11.2026, 10:34
Ресейде бюджет тапшылығы 5 трлн рубльден асты
26.11.2026, 10:18
Димаштың Чилидегі алғашқы жеке концерті аншлагпен өтті
26.11.2026, 10:16
Еңбектен бағын тапқан азамат
26.11.2026, 10:15
Қазақстандағы мемлекеттік басқару жүйесі өзгереді – Президент жанынан Комиссия құрылды
26.11.2026, 10:13
Маңғыстауда оқушылар мамандықты жасанды интеллект көмегімен таңдайды
26.11.2026, 10:13
Суару жүйесін жаңарту: 3200 шақырым канал жөнделді
26.11.2026, 10:11