Қара теңізде 14 000 қой тиелген кеме аударылып қалды
Қара теңізде мыңдаған қой тиелген кеме аударылып қалды. Келеңсіз оқиға Румыния жағалауында болды. Палау Республикасында тіркелген су көлігі Мидия портынан Сауд Арабиясына кетіп бара жатып апатқа ұшыраған. Экипаждың 22 мүшесінің барлығы – сириялықтар. Олардың ешқайсының өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.
Құтқарушылардың айтуынша, 14 мың қойдың әзірге 50-і ғана құтқарылып, көбі суға батып кеткен.
Румыния – Еуропа одағында Таяу Шығысқа тірі қой жеткізетін ең үлкен экспортер. Жануарлар құқығын қорғау ұйымдары бұл мемлекетті жағдайы нашар кемелерге тым көп мал артады деп талай рет сынаған.
Арыстан РЫСБЕК
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шекарадағы өткізу бекеттері жаңартылды
23.09.2026, 20:30
Азия ойындары: Қоржындағы медаль саны 19-ға жетті
23.09.2026, 20:28
Қытайда халықаралық «Жібек жолы» кинофестивалі өтті
23.09.2026, 20:26
Жетісу облысында үш экопарк ел игілігіне берілді
23.09.2026, 20:24
Астанада HackAlem AI хакатоны өтті
23.09.2026, 20:22
Бурабайда тау туризмі дамып келеді
23.09.2026, 20:20
Елордада бірыңғай дизайн-код бекітілді
23.09.2026, 20:18
Перзентхана мен әуежайдың ұшу-қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді
23.09.2026, 20:16