Албанияда 6,4 баллдық жер сілкінісі құрбандарының саны 28-ге жетті
650-дей адам жараланған. Ал, мыңдаған тұрғын далада құрылған уақытша шатырларда түнеді. Өйткені, жер кешеден бері тағы 250 рет теңселген. Соның екеуінің қуаты 5 баллға жетті. Және де ел астанасы Тирана халқы да пәтерлерін тастап сыртқа қашқан.
Табиғи апаттан Адриат теңізінің жағалауындағы Дуррес, Тунаме қалалары ең көп зардап шекті. Онда көптеген үй мен ғимарат жермен-жексен болып біразы қатты қирап қалған.Қазір іздеу-құтқару операциялары жалғасып жатыр. Бүгін үйінділер астынан үш адамның мәйіті шығарылған. Бұл жұмысқа дрондар, иіс сезгіш иттер мен ауыр техника тартылып отыр.
Арыстан РЫСБЕК
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шекарадағы өткізу бекеттері жаңартылды
23.09.2026, 20:30
Азия ойындары: Қоржындағы медаль саны 19-ға жетті
23.09.2026, 20:28
Қытайда халықаралық «Жібек жолы» кинофестивалі өтті
23.09.2026, 20:26
Жетісу облысында үш экопарк ел игілігіне берілді
23.09.2026, 20:24
Астанада HackAlem AI хакатоны өтті
23.09.2026, 20:22
Бурабайда тау туризмі дамып келеді
23.09.2026, 20:20
Елордада бірыңғай дизайн-код бекітілді
23.09.2026, 20:18
Перзентхана мен әуежайдың ұшу-қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді
23.09.2026, 20:16