Экобелсенді Грета Тунберг АҚШ-тан Еуропаға катамаранмен 3 апта бойы жүзіп барған
Климат белсендісі Грета Тунберг бүгін катамаранмен Португалия астанасы - Лиссабон портына жетті. Ол АҚШ-тан Еуропаға Атлант мұхиты арқылы үш апта бойы жүзіп барған.
Швециялық жасөспірім енді Мадридке аттанып, онда Біріккен Ұлттар Ұйымының климаттық конференциясына қатысады. Айта кетсек, бірер күн бұрын ғалымдар Жер шарының жылып кеткеніне жаңа дәлел тапқаны туралы баяндама жариялаған еді.
Тунбергі ауаға улы газ таратады деп ұшаққа мінбеді. Ол Лиссабонға австралиялық отбасымен және әкесімен бірге жеткен.
Чилидің Қоршаған ортаны қорғау министрі Каролина Шмидттің ойынша, 16-жасар Гретаны әлемде талай адамның, соның ішінде жастардың, климаттық өзгерістен төнген қауіпке көзін аша білген лидер деп атауға болады.
Арыстан РЫСБЕК
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шекарадағы өткізу бекеттері жаңартылды
23.09.2026, 20:30
Азия ойындары: Қоржындағы медаль саны 19-ға жетті
23.09.2026, 20:28
Қытайда халықаралық «Жібек жолы» кинофестивалі өтті
23.09.2026, 20:26
Жетісу облысында үш экопарк ел игілігіне берілді
23.09.2026, 20:24
Астанада HackAlem AI хакатоны өтті
23.09.2026, 20:22
Бурабайда тау туризмі дамып келеді
23.09.2026, 20:20
Елордада бірыңғай дизайн-код бекітілді
23.09.2026, 20:18
Перзентхана мен әуежайдың ұшу-қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді
23.09.2026, 20:10