Үндістанда жаңа заңға қарсы наразылық өршіп тұр
Үндістанда азаматтық туралы жаңа заңға қарсы наразылық
акциясында қақтығыстар өршіп, ондаған адам тұтқындалды. Тәртіпсіздіктерден ел
астанасы Нью-Делиде теміржол станциялары жабылған. Осыған байланысты билік
бірнеше ірі штатта шеру өткізуге тыйым салды. Бұған ашуланған демонстранттар көшедегі
көліктерді өртеп, жолдарды бөгеп, полициямен қақтығысуда.
Аталған заң бойынша, көршілес Пәкістан, Бангладеш, Ауғанстаннан
келген мұсылман емес адамдарға ғана Үндістан азаматтығы берілмек. Бұл – діни
себеппен елінен қуылған мигранттар үшін жақсы мүмкіндік. Алайда, қарапайым халық
даулы заңды «мұсылмандарды алалап, оларға әдейі қысым көрсету» деп сипаттап отыр.
Арыстан РЫСБЕК
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бурабайда тау туризмі дамып келеді
23.09.2026, 20:35
Шекарадағы өткізу бекеттері жаңартылды
23.09.2026, 20:30
Азия ойындары: Қоржындағы медаль саны 19-ға жетті
23.09.2026, 20:28
Қытайда халықаралық «Жібек жолы» кинофестивалі өтті
23.09.2026, 20:26
Жетісу облысында үш экопарк ел игілігіне берілді
23.09.2026, 20:24
Астанада HackAlem AI хакатоны өтті
23.09.2026, 20:22
Елордада бірыңғай дизайн-код бекітілді
23.09.2026, 20:11
Перзентхана мен әуежайдың ұшу-қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді
23.09.2026, 20:10