Иранда құлаған украиналық ұшақ апатынан 176 адам қаза тапты
Құрбандардың көбі - ирандықтар мен канадалықтар. Сонымен қатар, Украина, Германия, Ұлыбритания, Швеция, Ауғанстан азаматтары да қаза тапты.
Киевке аттанған «Боинг-737» лайнері «Украина халықаралық әуе жолдары» компаниясына тиесілі. Ол Тегеранның Имам Хомейни халықаралық әуежайынан аспанға көтерілісімен төмен қарай құлдилап, жерге түскеннен кейін өртеніп кетті.
Ұшақ терактіден емес, моторындағы ақаудан құлады деген мәлімет бар. Дегенмен, кейбір араб ақпарат құралдары оны ирандық ракета абайсызда атып түсірді деп хабарлап отыр.
Оқиға орнына 22 машина мен төрт жедел жәрдем автобусы жіберілген.
Авиациялық апат АҚШ пен Иран арасындағы шиеленіске байланысты ма деген сауалға әзірге жауап жоқ.
Арыстан РЫСБЕК
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
СҚО-да экологиялық интерактив ұйымдастырылды
23.09.2026, 17:36
Жамбыл облысында «Таза Қазақстан» экоакциясына 80 мыңдай адам қатысқан
23.09.2026, 17:34
Ресейде Қ.Сәтбаевқа арналған көрме ашылды
23.09.2026, 17:29
Жыл басынан бері 378 киберқылмыс тіркелген
23.09.2026, 17:27
Қазақстан – әлеуметтік мемлекет
23.09.2026, 17:26
Қазақстан мен Қытай арасындағы медиа байланыс күшеймек
23.09.2026, 17:24
Қазақстан – Қытай экономикалық ынтымағы нығая түседі
23.09.2026, 17:21
Премьер-министр мұнай өңдеу мәселелері бойынша кеңес өткізді
23.09.2026, 17:19