Абхазия президенті отставкаға кетті
Рауль Хаджимба мұндай шешімді «елде тұрақтылықты сақтау үшін» қабылдағанын мәлімдеп отыр. «Иә, мен кеттім», - дейді Кеңес одағы ыдырағаннан кейін Грузиядан бөлініп кеткен республика басшысы. Хаджимба қыркүйекте өткен сайлауда екінші мерзімге қалған еді. Алайда, оппозиция шағым түсіріп, оның жеңгенін сот арқылы жоққа шығарып отыр. Ал, қаңтардың 9-да биліктің қарсыластары шеруге шығып, президент әкімшілігіне басып кіріп, Хаджимбадан отставкаға кетуді талап етті. Бұған көнбеген басшы аймақта төтенше жағдай жариялайтынын ескертті.
Айта кетсек, Ресей 2008 жылы Грузиямен соғысқаннан кейін бұл республиканың тәуелсіздігін мойындағаны белгілі. Алайда, Тбилиси оны өз бақылауындағы территория деп есептейді.
Арыстан РЫСБЕК
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алматыда қалдықтарды сұрыптауға арналған цифрлық платформа іске қосылды
04.08.2026, 18:01
«Жастар күнінде» жастар алаңды тазалады
04.08.2026, 17:35
Жапондар Қазақстан өсімдіктерін зерттеп жүр
04.08.2026, 17:30
Фиджитал-футбол: Жерлестерімізді маңызды кездесу күтіп тұр
04.08.2026, 17:27
Жиырмадан аса стример жауапқа тартылды
04.08.2026, 17:25
Абай облысында оңалту орталықтары жұмыс істеуде
04.08.2026, 17:22
Сыр бойында құрылыс қарқынды
04.08.2026, 17:20
Ел жаңалықтарына шолу
04.08.2026, 17:17