Иракта билікке қарсы шерулер қақтығысқа ұласты
Иракта билікке қарсы шерулер үлкен қақтығыстарға ұласып, Бағдад пен Басрада екі демонстрант пен екі полицей мерт болды. Дәрігерлер мен қауіпсіздік күштерінің мәлімдеуінше, тәртіп сақшылары көшеге шыққан жастарды тарату үшін газ шашып қана қоймай, оқ атқан.
Мұндай тәртіпсіздіктер Кербала, Насирия, Амара қалаларын да жайлап отыр.
Иракта коррупцияға, жұмыссыздыққа, электр қуаты және су тапшылығына қарсы демонстрациялар қазанның 1-де басталды. Содан бері осындай қақтығыстардан 450-ден астам адам мерт болған.
Қазір жергілікті тұрғындар премьер-министр Әдел Әбду Махдиді елге берген уәдесін орындамады, барша жұрттың көңілінен шығатын жаңа үкімет басшысын ұсына алмады деп айыптап отыр.
Арыстан РЫСБЕК
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
СҚО-да экологиялық интерактив ұйымдастырылды
23.09.2026, 17:36
Жамбыл облысында «Таза Қазақстан» экоакциясына 80 мыңдай адам қатысқан
23.09.2026, 17:34
Ресейде Қ.Сәтбаевқа арналған көрме ашылды
23.09.2026, 17:29
Жыл басынан бері 378 киберқылмыс тіркелген
23.09.2026, 17:27
Қазақстан – әлеуметтік мемлекет
23.09.2026, 17:26
Қазақстан мен Қытай арасындағы медиа байланыс күшеймек
23.09.2026, 17:24
Қазақстан – Қытай экономикалық ынтымағы нығая түседі
23.09.2026, 17:21
Премьер-министр мұнай өңдеу мәселелері бойынша кеңес өткізді
23.09.2026, 17:19