Басты Жаңалықтар Түркістан облыстық жедел жәрдем қызметіне фельдшер мамандары іріктелді

Түркістан облыстық жедел жәрдем қызметіне фельдшер мамандары іріктелді

Түркістан облысында жедел жәрдем қызметіне үлкен іріктеу өтті. Фельдшер мамандарының байқауына барлық аудан-қаладан 318 үміткер қатысты.

Олар арнайы комиссия алдында сынақ тапсырды. 3 түрлі сыннан сүрінбей өткендердің әлеуметтік жағдайына да мән берілді. Себебі аймақта тұрмысы төмен отбасы мүшелерін тұрақты жұмысқа тарту жағына көп көңіл бөлінуде. Сондай-ақ медицина мамандарының айлығы 20-30 пайызға өсті.

Гүлжазира Ғалиқызы

Бөлісу