Сирияда Түркияның 5 жауынгері қаза тапты
Сирия үкіметінің әскері Түркияның бес жауынгерін мерт қылып, бесеуін жаралады. Араб Республикасының армиясы түрік сарбаздарына елдің солтүстік-батысындағы Тафтаназ деген ауданда оқ жаудырған. Осы шабуыл үшін Анкара қарсы жақтан кек алғанын хабарлап отыр.
Зардап шеккен әскерилер Түркияның Хатай провинциясындағы госпитальге тікұшақпен жеткізілді. Екі жақ арасындағы шиеленіс соңғы аптада тіпті күшейді.
Түркия Сирияның Идлиб провинциясына мыңнан астам танкі мен өзге де техника енгізді. Сондағы мақсаты – президент Башар Асад күштерінің осы аймақтағы оппозиция отрядтарын талқандауына жол бермеу. Егер Ресейге арқа сүйеген Сирия әскері басымдық байқататын болса, Түркияға тағы жүздеген мың адам қашып баруы мүмкін.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ертең де қолайсыз ауа райы сақталады
30.12.2025, 20:58
Жаңа жылдағы қауіпсіздік шаралары
30.12.2025, 20:57
Алматыда қар жоқ
30.12.2025, 20:57
Италиядағы қысқы Олимпиадаға 38 күн қалды
30.12.2025, 20:54
Президент 1 жылда 95 заңға қол қойды
30.12.2025, 20:53
Көктайғақ елордалықтарды әбігерге салды
30.12.2025, 20:52
«Теңізшевройл» компаниясы 25 жедел жәрдем көлігін сыйға тартты
30.12.2025, 20:50
Биыл 4 миллионға жуық науқасқа дәрі-дәрмек тегін берілді
30.12.2025, 20:48