Қытайдан келетін тауарлар қымбаттауы мүмкін
Коронавирустың кесірінен Қытай валютасы тағы құлдырап жатыр. Қор биржасындағы сессияға сай, 1 юань – 53 теңгеге тең. Яғни соңғы бір айда шамамен 5 теңгеге арзандаған. Қытай ақшасы әлсіреп жатқаны еліміз үшін кері әсер етуі мүмкін екенін айтады сарапшылар. Өйткені мұнда өндіріс көлемі азайып, экспорт қысқарып жатыр. Соның салдарынан Қазақстанға келетін Қытай өнімдері де азаюы ықтимал. Ал тапшылық бар жерде құнның да шарықтайтыны белгілі. Сондықтан «made in China» деген жазумен келетін түрлі техника, киім-кешектен бастап, жеміс-жидекке дейін сәл қымбаттауы ғажап емес. Ал юаньнің әлсіреуіне АҚШ-пен арадағы сауда соғысы да себеп екенін айтады мамандар.
Досжан МАРАТҰЛЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алматы облысында «Байсерке аспаны – 2026» авиашоуы өтеді
12.08.2026, 20:41
Ерекше балаларды қолдауға арналған кабинеттер саны артып келеді
12.08.2026, 20:36
Қазақстанда 14-35 жас аралығында 6 млн-нан астам азамат бар
12.08.2026, 20:33
Министрлік: eGov жүйесі бұзылған жоқ
12.08.2026, 20:31
2029 жылға дейін коммуналдық саланың 60%-ы жаңарады
12.08.2026, 20:29
Сайлау – саяси дамудың жаңа кезеңі
12.08.2026, 20:25
Түркияда Құрылтай сайлауына дайындық қызу жүріп жатыр
12.08.2026, 20:08
Партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастырып жатыр
12.08.2026, 20:07