Бір кеште жарты миллиард доллар саудаланды
Жарты миллиардтан астам доллар. Бүгін Қазақстан қор биржасының кешкі сессияның өзінде-ақ осыншама қомақты қаржы сатылған. Нақты айтқанда, сауда-саттық көлемі 502 миллион 500 мың долларға жеткен. Өткен жұма күнімен салыстырғанда үш есе көп. Ол кезде 172 миллион доллар ғана сатылған еді. Жалпы, 23 қаржы ұйымының биржаға қатысқаны айтылды. Нәтижесінде, бүгін 1 АҚШ долларының ресми бағам – 394 теңге 75 тиын болды. Ал, елдегі ақша айырбастау пунктеріндегі жағдай да бір қалыпты. абыр-сабыр жоқ. Алматыда доллар 397-395,5 теңге аралығында саудаланса. Нұр-Сұлтанда ең жоғарғы құны 397,5 теңге болды. Шымкентте доллардың орташа бағамы -396,20 теңге. Қарағандыда де осыған ұқсас жағдай. Мұнда доллар 396,5 теңгеге саудаланды.
Нұрхан НҰРЛАНҰЛЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алматы облысында «Байсерке аспаны – 2026» авиашоуы өтеді
12.08.2026, 20:41
Ерекше балаларды қолдауға арналған кабинеттер саны артып келеді
12.08.2026, 20:36
Жас келсе, іске!
12.08.2026, 20:33
Министрлік: eGov жүйесі бұзылған жоқ
12.08.2026, 20:31
2029 жылға дейін коммуналдық саланың 60%-ы жаңарады
12.08.2026, 20:29
Сайлау – саяси дамудың жаңа кезеңі
12.08.2026, 20:25
Түркияда Құрылтай сайлауына дайындық қызу жүріп жатыр
12.08.2026, 20:08
Партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастырып жатыр
12.08.2026, 20:07