Басты Жаңалықтар Ішкі істер министрлігінің жедел құрамы арнайы режимде жұмыс істейді

Ішкі істер министрлігінің жедел құрамы арнайы режимде жұмыс істейді

Бұл туралы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев брифингте хабарлады. Министрлік қоғамдық тәртіпті сақтауға 8 мыңнан аса қызметкерді жұмылдырады. Бұдан бөлек Ерлан Тұрғымбаев коронавирус жұқтырғанын жасырып қалған адамдарға жаза қатаң екенін ескертті. Қазір тілшіміз Ақерке Бектас бізбен тікелей байланысқа шығып, өзге де ақпараттармен бөліседі.

Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларына тиісті тіркеуден өткен адамдар кіре алады. Сонымен бірге қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуге қажетті жекелеген адамдарға рұқсат бар. Бұдан бөлек, халыққа қажетті азық-түлік тауарларын тасымалдайтын автокөліктің кіріп-шығуына шектеу болмайды. Министр бірақ Денсаулық сақтау және Қорғаныс министрлігімен бірлесе отырып, барлық барыс-келісті бақылайтын бекет қойылатынын жеткізді.


Бөлісу