Мұнай бағасы мен әлем биржаларындағы индекстер көтерілді
АҚШ-та коронавирустың зардабымен күреске 2 триллион бөлінетіні белгілі болғанда мұнай бағасы бірден 3 жарым пайызға қымбаттады. Ал, «Брент» маркалы шикізаттың құны осыдан бірер сағат бұрын 2,4 пайызға өсіп, 27 доллар 80 центке жеткен.
Американың экономиканы ынталандыру жобасы акциялар нарығына да игі әсер етті. «Доу-Джонс» индустриалдық индексі 11 пайызға көтерілген. Бұл – 1933 жылғы «Ұлы күйзелістен» бергі ең жоғары пайыздық көрсеткіш.
Құрама Штаттармен бірге Азия биржаларында да мыңдаған компанияның бағалы қағаздарының орташа құнын көрсететін индекстер жоғарылады. Мәселен, Жапонияның «Никкейі» шамамен 2 пайызға, Сеулдің «Корея Композиті» 5 пайызға, Гонконгтің «Хансені» 3,2 пайызға қымбаттаған.
Арыстан РЫСБЕК
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Домбырадан эстрадаға дейін: Айзат Қарабекова ұлттық өнерді сахнада таныстырады
23.09.2026, 12:26
Қазақстанда AI MONTH 2026 басталады
23.09.2026, 10:24
Азия ойындарының жеңімпаздары елге оралды
23.09.2026, 10:08
Трамп Иранмен бейбіт келісім жасалуы мүмкін екенін мәлімдеді
23.09.2026, 10:08
Азиада: Спортшылар 4 медаль жеңіп алды
23.09.2026, 10:06
Қазақстан делегациясы БҰҰ 81-сессиясына қатысып жатыр
23.09.2026, 10:05
Құрылтай отырысы басталды
23.09.2026, 10:05
Түркияда жасөспірім оқушыларға оқ атып, 11 адам жараланды
23.09.2026, 10:04