«Астана LRT»: 5.8 млрд теңгені жымқырған 7 лауазымды адамға қатысты іс сотқа кетті
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Астана LRT» жобасына қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтап, сотқа жіберді. Бұл туралы бүгін Агенттіктің 1-ші департаментінің аса маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі Данияр Бигайдаров мәлім етті.
Оның айтуынша, айыпталып отырған жеті адам ішінде қала әкімдігінде, «Астана LRT» компаниясында жұмыс істеген лауазымды адамдар бар.
«Жеңіл рельсті көлік жобасын іске асыру кезінде 5,8 млрд.теңгені жымқыру фактісі бойынша Астана қаласы әкімдігінің, «Астана LRT» ЖШС және басқалардың лауазымды адамдарына қатысты қылмыстық істі аяқтап, сотқа жолдады.Сотқа 7 адам берілді. Қанат Сұлтанбеков және Талғат Ардан «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасымен халықаралық іздеуде жүр», - деп хабарлады ол.
Бигайдаров мәлім еткендей, осы жеті адамның кінәлі немесе кінәсіз екенін сот шешеді. Айта кетейік, Қанат Сұлтанбек бұған дейін де ірі көлемде пара алғаны үшін бір рет істі болып, айпыпұл төлегені үшін сот залынан босаған.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алматы облысында «Байсерке аспаны – 2026» авиашоуы өтеді
12.08.2026, 20:41
Ерекше балаларды қолдауға арналған кабинеттер саны артып келеді
12.08.2026, 20:36
Қазақстанда 14-35 жас аралығында 6 млн-нан астам азамат бар
12.08.2026, 20:33
Министрлік: eGov жүйесі бұзылған жоқ
12.08.2026, 20:31
2029 жылға дейін коммуналдық саланың 60%-ы жаңарады
12.08.2026, 20:29
Сайлау – саяси дамудың жаңа кезеңі
12.08.2026, 20:25
Түркияда Құрылтай сайлауына дайындық қызу жүріп жатыр
12.08.2026, 20:08
Партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастырып жатыр
12.08.2026, 20:07