Армения Әзірбайжанның бір ұшағы мен екі дронын атып түсіргенін мәлімдеді
Таулы Қарабақта Әзірбайжан әскері мен этникалық армян күштері арасындағы қарулы қақтығыстар бүгін алтыншы күнге ұласты. Мұны бірер сағат бұрын «Рейтер» агенттігі хабарлады. Ал Түркияның «Хабертүрк» телеарнасы жанжал жүріп жатқан аймақта армениялық дронның атып түсірілгенін көрсетті. Дегенмен Ереван Әзірбайжанның бір әскери ұшағы мен екі дронының жойылғанын мәлімдеп отыр.
Таулы Қарабақ үшін шайқас жексенбіде қайта жанданып, одан ондаған адам қаза тауып, жүздегені жараланды. Оқ тиіп ауруханаға түскендердің ішінде француздың «Монд» газетінің екі журналисті бар. Олардың бірінің жағдайы ауыр. Ал, Түркия президенті АҚШ, Ресей, Францияның Таулы Қарабақтағы жанжалды тоқтату әрекеттерін қабылдай алмайтынын ескертіп отыр.
Реджеп Тайып Ердоған, Түркия президенті:
Минск үштігіне кіретін Америка, Ресей, Франция осы проблемаға 30 жылға жуық немқұрайды қарады. Бұл – бір. Олардың ымыраға жол іздеуін қабылдай алмаймыз. Мәселе шешілсін десек, басқыншылар ол жерден кетулері керек.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия ойындары: қоржындағы медаль саны - 12
22.09.2026, 20:30
Қоқыс өңдеуге 200 млрд теңге бөлінеді
22.09.2026, 20:20
Скринингтен өту қажеттігі туралы хабарлама жіберіледі
22.09.2026, 20:19
Кәсіпкерлерге арналған реестр құрылды
22.09.2026, 20:18
Қайтарылған активтер есебінен екі мектеп бой көтерді
22.09.2026, 20:17
2-4 сынып оқушыларының 4 пәннен білімі тексеріледі
22.09.2026, 20:16
Бүгін БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясы ашылады
22.09.2026, 20:13
PISA-2025: Сандар сөйлейді, нәтиже не дейді?
22.09.2026, 20:12