Таразда бір отбасының 2 баласы газға уланып мерт болды
Таразда бір үйдің екі баласы газға уланып мерт болды. Қайтыс болған нәрестелердің бірі екіде болса, екіншісі үш жаста. Қайғылы оқиға Ақмола көшесіндегі үйлердің бірінде болған. Бұл отбасы 2016 жылы Өзбекстаннан көшіп келген. Өрт тұтанған кезде сәбилер үйде ата-анасының қарауынсыз қалған. Әкесі күнделікті жалдамалы жұмысқа кетса, анасы емханаға көрінуге шығып кеткен. Ал үйдің үлкені мектепте болыпты. Қазір тиісті органдардың қызметкерлері оқиға орнында жіті зерттеу, анықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Алдын ала болжам бойынша, балалар сіріңкемен ойнаған болуы мүмкін.
Айтқазы Қарабалаев, Тараз қаласының әкімі:Сіріңкемен ойнаған. Ішінде 3-4 қорап сіріңке жатыр. Шай ішетін жердегі жер үстел екен, айналасының бәрі сіріңке. Кішкентай балалар ғой енді. Жағып ойнаған. Ол іштегі матрасқа тиген. Анасы емханаға барып, қайтып келем дегенше осындай жағдай болып отыр.
Сәбит Әлдебай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алматы облысында «Байсерке аспаны – 2026» авиашоуы өтеді
12.08.2026, 20:41
Ерекше балаларды қолдауға арналған кабинеттер саны артып келеді
12.08.2026, 20:36
Қазақстанда 14-35 жас аралығында 6 млн-нан астам азамат бар
12.08.2026, 20:33
Министрлік: eGov жүйесі бұзылған жоқ
12.08.2026, 20:31
2029 жылға дейін коммуналдық саланың 60%-ы жаңарады
12.08.2026, 20:29
Сайлау – саяси дамудың жаңа кезеңі
12.08.2026, 20:25
Түркияда Құрылтай сайлауына дайындық қызу жүріп жатыр
12.08.2026, 20:08
Партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастырып жатыр
12.08.2026, 20:07