Атырау облысында жантүршілерлік жол апатынан 9 адам қаза тапты
Атырау облысында жантүршігерлік көлік апаты болып, 9 адам қаза тапты. Қайғылы оқиға кеше құрылысы әлі аяқталмаған Атырау-Ақтөбе тасжолының бойында шамамен Мақат кенті мен Жамансор аулының арасында болған. Жан тапсырған жолаушылардың жергілікті тұрғындар екені анықталды. Дәл осы тасжолдың бойында бір күн бұрын 3 қазан күні жол тегістеуші машинаның жүргізушісі, автокатокпен абайсызда учаске басшысының аяғын басып кеткен. Ол алған жарақаттан ауруханаға жетпей көз жұмды.
Гүлнәзира Мұхтарова, облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы:
-Оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеп тексеру Қылмыстық кодекстің 345 бабы яғни, «Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу» бойынша жүргізілуде. Сараптамалар тағайындалды.
Павлодар облысында да жеңіл көлік трактор тіркемесіне соғылып, салдарынан бес адам қаза тапты. Жантүршігерлік апат үшінші қазан күні кешке Ақтоғай-Шолақсор тасжолының 63 шақырымында болған.
Жандос Темірғали
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алматы облысында «Байсерке аспаны – 2026» авиашоуы өтеді
12.08.2026, 20:41
Ерекше балаларды қолдауға арналған кабинеттер саны артып келеді
12.08.2026, 20:36
Қазақстанда 14-35 жас аралығында 6 млн-нан астам азамат бар
12.08.2026, 20:33
Министрлік: eGov жүйесі бұзылған жоқ
12.08.2026, 20:31
2029 жылға дейін коммуналдық саланың 60%-ы жаңарады
12.08.2026, 20:29
Сайлау – саяси дамудың жаңа кезеңі
12.08.2026, 20:25
Түркияда Құрылтай сайлауына дайындық қызу жүріп жатыр
12.08.2026, 20:08
Партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастырып жатыр
12.08.2026, 20:07