Әзірбайжан Арменияны Баку-Джейхан мұнай құбырын атқылады деп айыптады
Әзірбайжан армиясы мен Армения арасындағы әскери жанжал 11-ші күнге ұласып отыр. Өткен түнде қарулы қақтығыстар майданның барлық шебінде жүргізілген. Арменияның мәлімдеуінше, қарсы жақ Қарабақтың астанасы Степанакертке дрондармен, зымырандармен соққы берді. Әзірбайжан да өз қалаларына шабуыл жасады деп Ереванды айыптап отыр. Таулы Қарабақ күштері өткен айдың соңынан бері 320 адам жоғалтқан. Ал, Әзірбайжанның қанша жауынгері мерт болғаны әзірге белгісіз. Бакуге сапарында Түркия сыртқы істер министрі халықаралық қауымдастықтың даулы аймақтағы соғысты тоқтату әрекеттеріне қанағаттанбайтынын мәлімдеді.
Мевлют Чавушоғлы, Түркия сыртқы істер министрі:
-Біз көріп отырмыз, бүкіл әлем дереу ымыраға шақырады. Содан кейін не? Осыған дейін де тараптар бітімге келді, әрі қарай не болды? Армения шабуыл жасады, Әзірбайжан кек қайтарды. Халықаралық қауымдастық атысты тоқтатуға үндеді, жанжал қайта жалғасты. Әлем Арменияға Әзірбайжан жерінен әскеріңді әкет деп айта ала ма өзі?!
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Трамп пен Зеленский төртінші рет кездесті
29.12.2025, 20:58
Биыл 240 мыңнан астам педагог жасанды интеллектіні меңгерді
29.12.2025, 20:54
Елордада пәтерге тіркеу тәртібі өзгереді
29.12.2025, 20:54
Ертең қаңтардағы ҰБТ-ға өтініш қабылдаудың соңғы күні
29.12.2025, 20:53
Бестерек оқиғасы: Сот отырысы уақытша тоқтатылды
29.12.2025, 20:53
Шымкенттегі мектептерде стоматологиялық кабинеттер ашылды
29.12.2025, 20:48
Биыл Мәжілісте 100 заң қабылданды
29.12.2025, 20:47
Президент бір жылда 19 елге сапар жасады
29.12.2025, 20:44