Қызылордада той өткізген 140 адамға айыппұл салынды
Қызылордада дүркіретіп той-тойлайтындар тыйылар емес. Карантин талабына қарамастан жүздеген адамды жинап, отбасылық думанды шараларды өткізген 140 жеке тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Мына, ұлан асыр той демалыс күндері шаһардағы мейрамханалардың бірінде болған. Рейдке шыққан мобильді топ өкілдері тойдың үстінен түсіп, 150 адам жиналған шараны тоқтатқан. Елдегі тәртіпке бағынбай, ескертуді елемеген кәсіпкерлік нысан иесі мен қала тұрғынына әкімшілік хаттама толтырылды. Жалпы осы кезге дейін карантин режимін бұзушы заңды және жеке тұлғаларға 30 миллионнан астам айыппұл салынған. Бүгінде қала бойынша 14 мобильді топ жұмыс істеп тұр.
Бағлан Аманкелдиев, қалалық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы:Карантин режимін сақтамаған 133 тұлғаға әкімшілік хаттама толтырылды. 36 той иесіне әкімшілік хаттама толтырылды.
Әділбек Серікұлы
Автор
Әділбек Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық мәдениетті дамыту мәселелері талқыланды
03.11.2026, 10:18
Әлеуметтік желіде балағаттаған тұрғын айыппұл арқалады
03.11.2026, 10:16
Фатима Сұпығалиева Олимпиада чемпионы атанды
03.11.2026, 10:10
Ұлттық цифрлық кітапхана платформасы құрылады
03.11.2026, 10:08
Alatau City даму жоспары таныстырылды
03.11.2026, 10:06
Қосшы қаласындағы 1500 орындық мектептің құрылысы аяқталуға жақын
03.11.2026, 10:05
Президент Жолдауын Сербия сарапшылары талқылады
03.11.2026, 10:04
Үкіметте Денсаулық сақтау саласына жаңа міндеттер жүктелді
03.11.2026, 10:02