Жүргізуші куәлігінсіз көлік айдаған ақмолалық екі полицейді мерт қылды
Ақмола облысының Щучье қаласында жол апатында 2 полиция қызметкері көз жұмды. Оқиға бүгін таңғы сағат 6:00 шамасында болған. Жол-көлік оқиғасы бейнекамераға түсіп қалған. Қызметтік көлікте келе жатқан полицейлерді Lexus жүргізушісі бағдаршамның қызыл жанып тұрғанына қарамастан, қатты жылдамдықпен бүйірден кеп соққан. Көлікте болған екі полицей де сол жерде тіл тартпастан кеткен.
Қайтыс болған тәртіп сақшыларының біреуі 1982, екіншісі 1987 жылы туған. Екеуінің де артында жары және балалары қалды. Капитан шеніндегі полицейлер жұмыс барысында қаза тапты. Сондықтан отбасыларына 11 миллион теңгеден қаржылай көмек көрсетілмек.
Гүлнәр Пинчук, облыстық полиция департаментінің баспасөз-хатшысы:Күдікті анықталды. Ол - Щучье қаласының 25 жасар тұрғыны. Бұған дейін көлік ұрлағаны үшін жауапкершілікке тартылған. Және мас күйінде көлік тізгіндегені үшін жүргізуші куәлігінен айырылған. Оған Қылмыстық кодекстің 345-бабы бойынша айып тағылды. Бірнеше сараптама тағайындалды. Тергеу жүріп жатыр.
Ермек Елберген
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алматы облысында «Байсерке аспаны – 2026» авиашоуы өтеді
12.08.2026, 20:41
Ерекше балаларды қолдауға арналған кабинеттер саны артып келеді
12.08.2026, 20:36
Қазақстанда 14-35 жас аралығында 6 млн-нан астам азамат бар
12.08.2026, 20:33
Министрлік: eGov жүйесі бұзылған жоқ
12.08.2026, 20:31
2029 жылға дейін коммуналдық саланың 60%-ы жаңарады
12.08.2026, 20:29
Сайлау – саяси дамудың жаңа кезеңі
12.08.2026, 20:25
Түркияда Құрылтай сайлауына дайындық қызу жүріп жатыр
12.08.2026, 20:08
Партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастырып жатыр
12.08.2026, 20:07