Таулы Қарабақта ымыра тағы да бұзылды
Әзірбайжан мен Армения Таулы Қарабақта жаңадан жарияланған ымыраны бұзды деп бір-бірін айыптап отыр. Тараптар сенбі күні атысты тоқтатуға келіскен еді.
Алайда бүгін Баку қарсы жақты Гаранбой, Тертер, Ағдам аймақтарына артиллериямен соққы берді деп кінәлады. Ал армян күштеріне сенсек, Әзірбайжан олардың майдан шебіндегі позицияларына бітім күшіне енгеннен кейін де оқ жаудырған.
Таулы Қарабақта әскери жанжал қыркүйектің 27-де басталып, мыңнан астам адам мерт болған. Этникалық армян күштері 710 жауынгер мен 32 бейбіт тұрғын жоғалтты. Ал Әзірбайжан армиясынан қанша сарбаз қаза тапқаны әзірге белгісіз. Бір анығы – майдан шебінен алыс жатқан қалалар да шабуылға ұшырай бастады.
Иса Гүлиев, Ганджа қаласының тұрғыны:Бұл – әзерилердің, Әзірбайжанның жері. Жылдар, ғасырлар бойы Таулы Қарабақ пен оның айналасындағы аудандар бізге тиесілі болды. Кезінде оларға өз территориямыздан жер бердік. Қарсыластарымыз соны қайтарғысы келмейді. Ганджа майдан шебінен алыс жатыр. Соған қарамастан, бізге де шабуыл жасалды. Мұны өздеріңіз де көріп тұрсыздар.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Араға 70 жыл салып қазақстан жеріне амур жолбарысы жіберілді
03.08.2026, 20:30
Ойындардың трансляциясы 85 млн қаралым жинаған
03.08.2026, 20:29
«Creative Aimaq» жобасы: Абай мұрасынан - заманауи креативке
03.08.2026, 20:25
Құрылтай сайлауы жақындаған сайын партиялардың үгіт-насихат жұмыстары қыза түсті
03.08.2026, 20:17
Бір палаталы Құрылтайға көшу - заң шығару үдерісін бірізді етеді
03.08.2026, 20:15
Байқаушы: Құрылтай сайлауы - тарихи оқиға
03.08.2026, 20:14
Құрылтай сайлауы: 10400-ден астам учаскелік сайлау комиссиясы дайындықты бастады
03.08.2026, 20:12
Жасанды интеллект бойынша жас зияткерлер жарысы
03.08.2026, 20:02