Садыр Жапаров бас прокурорды отставкаға жіберді
Қырғызстанның уақытша президенті Садыр Жапаров бас прокурор Откурбек Джамшитовты өз өтініші бойынша отставкаға жіберді. Сонымен қатар, ол экономикалық амнистия жариялады. Бұл шараның мақсаты – бюджетті толтыру, заңсыз шетелге шығарылған капиталды қазынаға қайтару, экономиканы қолдау және сыртқы қарызды өтеу. Қырғызстанда парламенттік сайлау қайтадан желтоқсанның 20-да өтетін болды. Мұндай шешімді елдің Орталық сайлау комиссиясы бірауыздан мақұлдаған.
Айта кетсек, елде Жоғарғы кеңеске сайлау қазанның 4-де өткен еді. Бірақ, Бішкекте жаппай шерулер мен тәртіпсіздіктер басталғандықтан, оның нәтижесін жоюға тура келді. Республикада билік ауысып, президент Сооронбай Жээнбеков отставкаға кеткені белгілі.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия ойындары: қоржындағы медаль саны - 12
22.09.2026, 20:30
Қоқыс өңдеуге 200 млрд теңге бөлінеді
22.09.2026, 20:20
Скринингтен өту қажеттігі туралы хабарлама жіберіледі
22.09.2026, 20:19
Кәсіпкерлерге арналған реестр құрылды
22.09.2026, 20:18
Қайтарылған активтер есебінен екі мектеп бой көтерді
22.09.2026, 20:17
2-4 сынып оқушыларының 4 пәннен білімі тексеріледі
22.09.2026, 20:16
Бүгін БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясы ашылады
22.09.2026, 20:13
PISA-2025: Сандар сөйлейді, нәтиже не дейді?
22.09.2026, 20:12