Қызылордада бір отар қой тірілей жанып кетті: Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды
Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында егістіктегі өрттен мыңға жуық малдың қырылуына қатысты екі қылмыстық іс қозғалды. Күріштік алқапта жайылып жүрген бір отар қойды көрмей, егістікке от қойғандарға бөтеннің мүлкін абайсызда жою немесе бүлдіру бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Иелігіндегі жерді өртеу жұмыстарына немқұрайды қараған «Түгіскен» тәжірибе шаруашылығы» ЖШС-ның басшылары да заң аясында жауапқа тартылуы мүмкін.
Еске салайық, Түгіскенде күріш алқабындағы қызыл жалыннан мыңға жуық асыл тұқымды қой қырылып қалған болатын.
Нұрсұлтан Әлтай, облыстық полиция департаментінің басқарма бастығы:Сонымен қатар серіктестік басшыларына қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 254-бабымен яғни, міндеттерін адал орындамау дерегіне байланысты тергеп-тексеру амалдары тіркеліп, қазір мән-жайлары анықталуда.
Әділбек Серікұлы
Автор
Әділбек Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қызылордада «Таза Қазақстан» жайлы ашық сабақ өтті
18.09.2026, 13:20
Жапонияда Азия ойындарының ашылу рәсіміне дайындық аяқталып қалды
18.09.2026, 13:17
Ақтөбе облысында екі жыл ішінде 39 ауыл газға қосылды
18.09.2026, 13:12
Қазақстан инвестиция тартуда жаңа тәсілге көшті
18.09.2026, 13:09
ЖИ ғылымға жүйелі енгізіледі
18.09.2026, 13:06
Тараздық ұстаз 16 мың кітап оқыған
18.09.2026, 13:03
Жылдың үздік 10 оқырманына 10 млн теңге беріледі
18.09.2026, 13:00
Азия ойындарына бір күн қалды
18.09.2026, 10:09