Еуропа елдерінде карантин күшейтіліп жатыр
Бүгін Германияда қатаң карантин күшіне енді. Ол күздің соңына дейін жалғасуы мүмкін. Канцлер Ангела Меркельдің бұл туралы мәлімдемесі неміс үкіметінің сайтында жарияланды.
Пандемияның жаңа толқыны жеткендіктен, ресторандар мен барлар, кинотеатрлар мен ойын-сауық мекемелері жабылып, дүкендердің жұмыс уақыты қысқарады. Және де бір жерге он адамнан артық жиналуға тыйым салынып отыр.
Айта кетсек, жақында Германияда 18 мыңнан астам адамнан коронавирус табылды. Сонымен қатар, қазір мұндай науқастар Еуропаның ондаған елінде көбейіп, бірер күн бұрын Францияда да ұлттық карантин жарияланды.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия ойындары: қоржындағы медаль саны - 12
22.09.2026, 20:30
Қоқыс өңдеуге 200 млрд теңге бөлінеді
22.09.2026, 20:20
Скринингтен өту қажеттігі туралы хабарлама жіберіледі
22.09.2026, 20:19
Кәсіпкерлерге арналған реестр құрылды
22.09.2026, 20:18
Қайтарылған активтер есебінен екі мектеп бой көтерді
22.09.2026, 20:17
2-4 сынып оқушыларының 4 пәннен білімі тексеріледі
22.09.2026, 20:16
Бүгін БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясы ашылады
22.09.2026, 20:13
PISA-2025: Сандар сөйлейді, нәтиже не дейді?
22.09.2026, 20:12