Қызылордада кинотеатр билеті қымбаттады
Қызылордада бүгіннен бастап карантиндік шектеулер біршама жұмсарды. Аймақта 30 адамнан асырмай, санитарлық талаптарды сақтай отырып спорттық оқу-жаттығу жиындарын өткізуге рұқсат берілді. Дегенмен, үлкен экраннан кино көру үшін қатаң талаптар қойылған. Кинозалдардың толымдылығы 30 пайыздан аспау керек. Әрі көрермендер бір-бірінен алшақ отырып, арақашықтықты сақтауы тиіс. Кинотеатрлар күндіз 9-дан кешкі 10-ға дейін жұмыс істейді. Әр сеанстан кейін кинозалдарға санитарлық-дезинфекциялық тазалық жұмыстары жүргізіледі. Айта кету керек, кинотеатрлардағы шектеулер билет бағасының өсуіне әсер етіп отыр.
Аруна Рахметова, кинотеатр әкімшісі:-145 орын болатын болса, біз қазір 30-40 адам ғана кіргізе аламыз. Соған байланысты билет құнын қымбаттаттық.
Әділбек Серікұлы
Автор
Әділбек Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық мәдениетті дамыту мәселелері талқыланды
03.11.2026, 10:18
Әлеуметтік желіде балағаттаған тұрғын айыппұл арқалады
03.11.2026, 10:16
Фатима Сұпығалиева Олимпиада чемпионы атанды
03.11.2026, 10:10
Ұлттық цифрлық кітапхана платформасы құрылады
03.11.2026, 10:08
Alatau City даму жоспары таныстырылды
03.11.2026, 10:06
Қосшы қаласындағы 1500 орындық мектептің құрылысы аяқталуға жақын
03.11.2026, 10:05
Президент жолдауын Сербия сарапшылары талқылады
03.11.2026, 10:04
Үкіметте Денсаулық сақтау саласына жаңа міндеттер жүктелді
03.11.2026, 10:02