Қызылорда облысында 60 мыңға жуық оқушы дәстүрлі оқу форматына көшеді
Сыр өңірінде карантиндік шектеулер біршама жеңілдетілді. Аймақта екінші тоқсаннан бастап бала саны 300-ден аспайтын мектептер дәстүрлі оқуға көшетін болды. Облыста мұндай талапқа сай келетін 121 білім ордасы бар. Бірінші мен бесінші сынып аралығындағы оқушылар ғана сабақты мектепте оқиды. Бірақ оның өзі міндетті талап емес. Балалар тек ата-аналардың өтінішімен қабылданады. Олар кезекші топтарға бөлініп, әр сыныпта 15 оқушыдан аспауы тиіс. Сондай-ақ санитарлық талаптарға айрықша көңіл бөлінеді. Мәселен, мектепке қатынайтын балалар 5 түрлі сатыдан тұратын дезинфекциядан өтіп барып сыныпқа кіреді.
Ақзира Қасымова, облыстық Білім басқармасының басшысы:Өткен оқу тоқсанында 38 мыңдай бала оқыса, бұл жолы осы 2-тоқсанда 60 мыңға жуық бала дәстүрлі түрде оқуға көшкелі отырмыз. Кезекші сыныптарда балалардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында шахматтық әдіспенен балалар отырғызылатын болады.
Әділбек Серікұлы
Автор
Әділбек Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық мәдениетті дамыту мәселелері талқыланды
03.11.2026, 10:18
Әлеуметтік желіде балағаттаған тұрғын айыппұл арқалады
03.11.2026, 10:16
Фатима Сұпығалиева Олимпиада чемпионы атанды
03.11.2026, 10:10
Ұлттық цифрлық кітапхана платформасы құрылады
03.11.2026, 10:08
Alatau City даму жоспары таныстырылды
03.11.2026, 10:06
Қосшы қаласындағы 1500 орындық мектептің құрылысы аяқталуға жақын
03.11.2026, 10:05
Президент жолдауын Сербия сарапшылары талқылады
03.11.2026, 10:04
Үкіметте Денсаулық сақтау саласына жаңа міндеттер жүктелді
03.11.2026, 10:02