Алматыда бір түнде 39 жол апаты болып, 2 адам қаза тапты
Алматыда ауа райының қолайсыздығынан бір түнде 39 жол апаты тіркелді. Салдарынан 9 адам зардап шегіп, 2 адам қаза тапты. Бұл туралы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Полицейлер мұндай ауа райы ең бірінші жолдағы ахуалға тікелей әсер ететінін айтып, жүргізушілерді жолда абай болуға шақырды.
«Көлік жүргізушілерден сұрайтынымыз, көліктеріңізді қыс мезгіліне дайындап, дөңгелектеріңізді ауыстырыңыздар. Ең бастысы, жол жүру ережесін сақтаңыздар, жүргізушіге тән мәдениетті бұзбаңыздар. Жол үстінде өзара сыйластық таныту - жол қауіпсіздігінің кепілі ғана емес, алып шаһарда жол апаттарын азайтатын фактор екеніне баса назар аударғымыз келеді»,– делінген хабарламада.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алматы облысында «Байсерке аспаны – 2026» авиашоуы өтеді
12.08.2026, 20:41
Ерекше балаларды қолдауға арналған кабинеттер саны артып келеді
12.08.2026, 20:36
Қазақстанда 14-35 жас аралығында 6 млн-нан астам азамат бар
12.08.2026, 20:33
Министрлік: eGov жүйесі бұзылған жоқ
12.08.2026, 20:31
2029 жылға дейін коммуналдық саланың 60%-ы жаңарады
12.08.2026, 20:29
Сайлау – саяси дамудың жаңа кезеңі
12.08.2026, 20:25
Түркияда Құрылтай сайлауына дайындық қызу жүріп жатыр
12.08.2026, 20:08
Партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастырып жатыр
12.08.2026, 20:07