Сәтбаевта 6 жасар қызды иттер талап өлтірді
Қарағанды облысының Сәтбаев қаласында 6 жасар қызды қаңғыбас иттер талап тастады. Баланың шырылдаған дауысын естіген ата-анасы далаға атып шығып, араша түскен. Дереу жедел жәрдем шақыртылған. Алайда ауыр жарақаттан сәби жан тапсырған. Жантүршігерлік оқиға кеше кешкілік қала маңындағы саяжайлар аумағында болды. Полиция қызметкерлері отбасының осы саяжайда тұратынын анықтады. Сол күні бала аулада үлкендердің қарауынсыз ойнап жүріп, қаңғыбас иттердің ортасында қалып қойған. Қазір бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Баланың ата-анасын жауапқа тарту мәселесі қаралуда.
Бақытжан Құдияров, облыстық Полиция департаментінің ресми өкілі:
Қайғылы оқиға бойынша қылмыстық іс тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалуда. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.
Руслан Нұрланұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алматы облысында «Байсерке аспаны – 2026» авиашоуы өтеді
12.08.2026, 20:41
Ерекше балаларды қолдауға арналған кабинеттер саны артып келеді
12.08.2026, 20:36
Қазақстанда 14-35 жас аралығында 6 млн-нан астам азамат бар
12.08.2026, 20:33
Министрлік: eGov жүйесі бұзылған жоқ
12.08.2026, 20:31
2029 жылға дейін коммуналдық саланың 60%-ы жаңарады
12.08.2026, 20:29
Сайлау – саяси дамудың жаңа кезеңі
12.08.2026, 20:25
Түркияда Құрылтай сайлауына дайындық қызу жүріп жатыр
12.08.2026, 20:08
Партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастырып жатыр
12.08.2026, 20:07