Заңсыз пәтер үлестірген тұрғын үй бөлімінің бұрынғы қызметкері сотталуы мүмкін
Түркістан қаласы тұрғын үй қатынастары бөлімінің бұрынғы қызметкері пәтерлерді заңсыз үлестірген. Қалалық прокуратура 37 адамға жаңа пәтерге жалған құжат жасап берген статист маманның ісін сотқа жолдады. Ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдіктінің 9 дерек бойынша қылмысы дәлелденген. Ол жәбірленушілердің әрқайсысынан 1,5-нан 2 миллион теңгеге дейін сыйақы алған. Күдіктінің қылмыстық әрекетін қалалық әкімдіктегілер әшкерелеп, полицияға арызданған. Қылмыстық істі қарау барысында пәтерлерге заңсыз қоныстанған 16 адам өз еркімен баспаналарын босатып берсе, қалған 21 тұрғынның мәселесі сотта қаралды.
Жаннұр Ахметбек, Түркістан қаласының прокуроры:- Бүгінгі күнде екі пәтер босамаған. Ол бойынша сот шешімі мәжбүрлеп орындату үшін сот орындаушыларға жолданған. Олар бойынша мәжбүрлеп шығару атқару әрекеттері жүргізіледі сот орындаушылармен.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алматы облысында «Байсерке аспаны – 2026» авиашоуы өтеді
12.08.2026, 20:41
Ерекше балаларды қолдауға арналған кабинеттер саны артып келеді
12.08.2026, 20:36
Қазақстанда 14-35 жас аралығында 6 млн-нан астам азамат бар
12.08.2026, 20:33
Министрлік: eGov жүйесі бұзылған жоқ
12.08.2026, 20:31
2029 жылға дейін коммуналдық саланың 60%-ы жаңарады
12.08.2026, 20:29
Сайлау – саяси дамудың жаңа кезеңі
12.08.2026, 20:25
Түркияда Құрылтай сайлауына дайындық қызу жүріп жатыр
12.08.2026, 20:08
Партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастырып жатыр
12.08.2026, 20:07