Түркістан облысында 2 адам моншада газдан уланып қайтыс болды
Түркістан облысында бүгін түнде екі әйел газдан уланып қайтыс болды. Леңгір қаласының тұрғындары моншада шомылып жатып жантәсілім еткен. Оқиға орнына жеткен жедел-құтқару тобы моншадағы газ қондырғыларының техникалық талаптарға сай келмейтінін анықтады. Яғни, су жылытатын пештің мұржасы сыртқа шығарылмағандықтан, улы түтін моншаның ішіне тараған. Осыдан үш күн бұрын ғана Сайрам ауданында 13 жастағы қыз бала моншада иіс тиіп көз жұмды. Онда да мамандар техникалық талаптар сақталмағанын анықтады.
Бақытжан Запаров, облыстық ТЖД басқармасының бастығы:
Оқиға болған жерге полиция департаменті мен төтенше жағдайлар департаментінен және Қазтрансгаз аймақ өкілдері барып, ол жерде газдың шығу себептерін анықтап, ары қарай су мед экспертизаға мәйіттер беріледі. Сол жерден анық-қанығы анықталады.
Айнұр Ақбаева
Автор
Айнұр Ақбаева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бельгиялықтар қазақ моделі А.Елшіннің мұрасымен танысты
02.11.2026, 13:19
«Таза Қазақстан»: Оқушылардың үздік жобасы анықталды
02.11.2026, 13:17
10 жылдан бері тоқтап тұрған су жобалары қайта қолға алынды
02.11.2026, 13:15
Түркістан облысының ауылында спорт кешені салынып жатыр
02.11.2026, 13:13
Жолдау-2026: Депутаттар өңірлерді аралауды бастап кетті
02.11.2026, 13:11
Депутаттар Жолдауды түсіндіруге атсалысады
02.11.2026, 13:10
Оңтүстік Корея ЖИ-ді дамытуға мол қаржы салмақ
02.11.2026, 13:07
Тегеран: 7 талабымызды орындаса ғана келіссөз өтеді
02.11.2026, 13:05