Қызылорда облысындағы электр желілерінің 60 пайыздан астамы ескірген
Қызылорда облысында Байқоңыр қаласындағы үлкен электр станциясынан ақау шығып, аймақтың басым бөлігі жарықсыз қалды. Бүгінде қайта жарықтандыру жұмыстары қолға алынып, электр желілері қалыпқа келтірілуде. Мәселен, электр энергиясыз қалған жылу орталығы мен су тоғаны бір сағатқа тоқтап, тұрғындар үшін қиындық туғызды. Салдарынан жылу магистралінен 350 тонна су далаға ағып кеткен. Тұрғын үйлер енді ғана ыстық сумен қамтамасыз етіліп жатыр. Ал электр жарығы бойынша жағдай тіпті күрделі. Облыста электр жүйелерінің 60 пайыздан астамы ескірген. Сондықтан, жарықтандыру мәселесі әзірге толық шешімін тапқан жоқ.
Руслан Нұрмағанбетов, облыстық Энергетика және ТҮКШ басқарма басшысы:Жалпы КРЭК құрамында 12 мыңнан астам электр желілері бар. 2 мыңға жуық подстанция бар. Олардың бүгінгі таңда 60 пайыздан астамы тозған. Енді жылда біз 4-5 подстанциядан жаңартып жатырмыз. Барлығын бір мезетте жаңалау мүмкін емес. Оған үлкен қыруар қаражат керек.
Әділбек Серікұлы
Автор
Әділбек Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық мәдениетті дамыту мәселелері талқыланды
03.11.2026, 10:18
Әлеуметтік желіде балағаттаған тұрғын айыппұл арқалады
03.11.2026, 10:16
Фатима Сұпығалиева Олимпиада чемпионы атанды
03.11.2026, 10:10
Ұлттық цифрлық кітапхана платформасы құрылады
03.11.2026, 10:08
Alatau City даму жоспары таныстырылды
03.11.2026, 10:06
Қосшы қаласындағы 1500 орындық мектептің құрылысы аяқталуға жақын
03.11.2026, 10:05
Президент жолдауын Сербия сарапшылары талқылады
03.11.2026, 10:04
Үкіметте Денсаулық сақтау саласына жаңа міндеттер жүктелді
03.11.2026, 10:02