Түркістан облысындағы лимон өсірушілер мемлекеттен қаржылай көмек сұрайды
Қып-қызыл шығынға баттық деген Түркістан облысындағы лимон өсірушілер мемлекеттен қолдау сұрайды. Шаруалардың сөзінше, цитрусты өнім алудың машақаты көп. Мәселен, лимонның бір түп ағашы үш жылдан кейін ғана өнім береді. Толықтай жеміс беруі үшін сегіз жыл күтім керек. Осындай қиындықтарға байланысты шаруалар отандық нарықтың тек бір пайызын ғана қамтып отыр. Мелекеттен қаржылай көмек керек деген диқандар лимон өсірушілердің қауымдастығын құрмақ.
Нұрсұлтан Жүсіпбаев, кәсіпкер:- Суық болса өлтіріп алуымыз мүмкін ағашты. Әр үш-төрт жыл сайын кленкасын ауыстырып тұруымыз керек. Сондай шығын көп бізде. Қазіргі таңда соған мемлекет тарапынан көмек берілсе, біз ары қарай да дамытуға дайынбыз.Мәди Ибадуллаев, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы Түркістан облыстық филиалы директорының орынбасары:- Цитрус өнімдерін өсіретін шығындарды есептеп, қандай қолдаулар керек екені туралы ұсыныс сол қауымдастық тарапынан болуы керек. Бірлесе отырып, бір жерден. Өңірлік кәсіпкерлер палатасы біз заң жүзінде көмектесетін боламыз.
Айнұр Ақбаева
Автор
Айнұр Ақбаева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Непалда жоғалған үш қазақстандық әлі табылмады
16.09.2026, 20:20
Түркияда интернет арқылы қылмыс істеген мыңнан аса адам ұсталды
16.09.2026, 20:10
Вице-президент: Ішкі саясатта үш басымдыққа мән беріледі
16.09.2026, 20:09
«Отбасы банкке» аударылған зейнетақы жинағын сақтау мерзімі өзгерді
16.09.2026, 20:07
Қызмет көрсету саласының халықаралық нарыққа шығуы жеңілдеді
16.09.2026, 20:06
Кореямен серіктестік: Экономика мен технологияның жаңа кезеңі
16.09.2026, 20:05
Мемлекет басшысы Кореядағы қазақ этноауылына барды
16.09.2026, 20:05
Алғашқы «Орталық Азия – Корея Республикасы» саммиті өтті
16.09.2026, 20:04