Қызылорда облысында жол апатынан 5 адам қаза тапты
Сыр өңірінде жол апатынан 5 адам қаза тапты. Оқыс жағдай кеше Қызылорда-Құмкөл тасжолында болды. Соқтығысқан екі көлікте «Айдан-Мұнай» компаниясы мен «Бастау» серіктестігінің 13 жұмысшысы болған.
Әділбек Серікұлы, тілші:
5 адамның өмірін қиған Қызылорда-Құмкөл трассасындағы қайғылы жағдайға жүргізушілердің бірінің жол ережесін сақтамауы себеп болған деп отыр мамандар. Көп сыйымдылықты Mercedes-Benz Sprinter мен Toyota Hilux жеңіл автокөлігі бетпе-бет соқтығысған. Қатты жылдамдықпен келгені соншалық - көліктердің сау-тамтығы қалмаған. Оқиға орнында 3 адам тілге келместен қаза тапқан. Екеуі ауруханаға жетпей көз жұмды. Жантүршігерлік жол апатына қатысты қылмыстық іс қозғалып, мән-жайы анықталуда.
Шәмшидин Әмитов, облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары:
345-бабтың 4-тармағымен қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалардың барлығы тағайындалды. Mercedes-Benz Sprinter-де 10 адам болған, екінші Toyota Hilux-те үш жолаушы отырған. Қай жүргізушінің кінәсінен жол-көлік оқиғасы болғаны тергеу амалдарынан кейін белгілі болады.
Әділбек Серікұлы, тілші:
Сондай-ақ жол апатынан зардап шеккен тағы 5 адам қалалық көпбейінді ауруханаға жатқызылған. Оның төртеуі ауыр дене жарақатын алған. Ал бір жолаушының хәлі ауыр. Ол жан-сақтау бөлімінде жатыр.
Автор
Әділбек Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық мәдениетті дамыту мәселелері талқыланды
03.11.2026, 10:18
Әлеуметтік желіде балағаттаған тұрғын айыппұл арқалады
03.11.2026, 10:16
Фатима Сұпығалиева Олимпиада чемпионы атанды
03.11.2026, 10:10
Ұлттық цифрлық кітапхана платформасы құрылады
03.11.2026, 10:08
Alatau City даму жоспары таныстырылды
03.11.2026, 10:06
Қосшы қаласындағы 1500 орындық мектептің құрылысы аяқталуға жақын
03.11.2026, 10:05
Президент жолдауын Сербия сарапшылары талқылады
03.11.2026, 10:04
Үкіметте Денсаулық сақтау саласына жаңа міндеттер жүктелді
03.11.2026, 10:02