Мұғалімдерден жүйелі түрде пара алып келген мектеп директоры 8 жылға сотталды
Шымкентте карантин кезінде мұғалімдерден жүйелі түрде пара алып келген мектеп директоры 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Сот отырысында № 34 мектептің бұрынғы басшысы Қылмыстық кодекстің үш бабы бойынша кінәлі деп танылды. Нақтырақ айтсақ, бірнеше рет сеніп тапсырылған мүлікті ысырап еткен және талан-таражға салған, сондай-ақ, алаяқтық жолмен мұғалімдердің үстемеақысын да иемденген. Тіпті аз қамтылған отбасылардың балаларына ыстық тамаққа бөлінген ақшаны да өз пайдасына жаратқан. Десе де тергеу кезінде айыпталушы өз кінәсін мойындамаған. Үкім оқылғаннан кейін ол сот залынан қамауға алынды.
Аинель Орақбаева, Еңбекші аудандық сотының судьясы:- Бұл қылмыстың барлығы карантин кезінде орын алған. Яғни ақысыз еңбек демалысына жолдама үшін, жұмыста қалдыру үшін пара сомасын талап еткен.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алматы облысында «Байсерке аспаны – 2026» авиашоуы өтеді
12.08.2026, 20:41
Ерекше балаларды қолдауға арналған кабинеттер саны артып келеді
12.08.2026, 20:36
Жас келсе, іске!
12.08.2026, 20:33
Министрлік: eGov жүйесі бұзылған жоқ
12.08.2026, 20:31
2029 жылға дейін коммуналдық саланың 60%-ы жаңарады
12.08.2026, 20:29
Сайлау – саяси дамудың жаңа кезеңі
12.08.2026, 20:25
Түркияда Құрылтай сайлауына дайындық қызу жүріп жатыр
12.08.2026, 20:08
Партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастырып жатыр
12.08.2026, 20:07