Петропавлда 3 жасар қызын өлімші етіп сабаған әйел қамауға алынды
Петропавлда кішкентай қызын өлімші етіп сабады деген күдікпен 22 жастағы әйел ұсталды. Үш жастағы бала 17 қаңтар күні облыстық балалар ауруханасына ес-түссіз күйде жеткізілген. Есін әлі жиған жоқ. Бұл жайды полицейлерге емдеу мекемесінің қызметкерлері хабарлаған. Қыздың анасы бұған дейін сотқа тартылмаған, қазір уақытша ұстау изоляторында қамауда.
Азат Құсайынов, Тергеу басқармасы бастығының орынбасары:
Осы іс бойынша тергеу шаралары, сараптамалар жүргізіледі.
Ақмола облысына қарасты Қараөткел ауылында 2 жасар бала үстіне жиһазы құлап көз жұмды. Ата-анасы жұмыста болғандықтан сәби әжесімен қалған. Бала ойнап жүріп, ағаш жиһазды тартып қалса керек. Жедел-жәрдем келгенімен, бүлдіршінді аман алып қалу мүмкін болмады.
Сағындық Сәбитұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алматы облысында «Байсерке аспаны – 2026» авиашоуы өтеді
12.08.2026, 20:41
Ерекше балаларды қолдауға арналған кабинеттер саны артып келеді
12.08.2026, 20:36
Жас келсе, іске!
12.08.2026, 20:33
Министрлік: eGov жүйесі бұзылған жоқ
12.08.2026, 20:31
2029 жылға дейін коммуналдық саланың 60%-ы жаңарады
12.08.2026, 20:29
Сайлау – саяси дамудың жаңа кезеңі
12.08.2026, 20:25
Түркияда Құрылтай сайлауына дайындық қызу жүріп жатыр
12.08.2026, 20:08
Партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастырып жатыр
12.08.2026, 20:07