Қазақстандық шаңғышы жол апатынан көз жұмды
Белгілі қазақстандық шаңғышы 38 жасар Николай Чеботько жол апатында көз жұмды. Қайғылы оқиға 24 қаңтар түнгі сағат 1:00 шамасында Бурабай курортты аймағында болды. Жеңіл көлікті жүргізіп келе жатқан ол жолдан шығып кетіп, ағашқа соғылған. Николай Чеботько оқиға орнында тіл тартпай кетті. Көлікте досы болған, ол бас жарақатын алды. Қазір аудандық ауруханада ем қабылдауда. Жағдайы тұрақты. Оның айтуынша, екеуі балық аулап келе жатқан екен. Бұл оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің 345-інші бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды.
Николай Чеботько 2013 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері. Азия ойындарында 3 алтын, 4 күміс, 2 қола медаль ұтып алған.
Ермек Елберген
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алматы облысында «Байсерке аспаны – 2026» авиашоуы өтеді
12.08.2026, 20:41
Ерекше балаларды қолдауға арналған кабинеттер саны артып келеді
12.08.2026, 20:36
Жас келсе, іске!
12.08.2026, 20:33
Министрлік: eGov жүйесі бұзылған жоқ
12.08.2026, 20:31
2029 жылға дейін коммуналдық саланың 60%-ы жаңарады
12.08.2026, 20:29
Сайлау – саяси дамудың жаңа кезеңі
12.08.2026, 20:25
Түркияда Құрылтай сайлауына дайындық қызу жүріп жатыр
12.08.2026, 20:08
Партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастырып жатыр
12.08.2026, 20:07