Басты Жаңалықтар Францияда 117 жасқа толатын әжей туған күні қарсаңында коронавирусты жеңді

Францияда 117 жасқа толатын әжей туған күні қарсаңында коронавирусты жеңді

Францияда ертең 117 жасқа толатын әйел коронавирустан аман қалды. Еуропаның ең қарт адамы Люсиль Рэндонға Covid-19 диагнозы қаңтардың 16-да қойылған. Қауіпті инфекцияның симптомсыз түрін жұқтырған монахиня содан кейін өзгелерден моқшауланды. «Өлуден қорықпағандықтан, вирустан да қорықпадым», - дейді Рэндон.

Ал, Жапонияда халықты вакциналау науқаны келесі аптаның ортасында басталады. Мұны бүгін осы елдің премьер-министрі Ёсихидэ Суга үкімет отырысында мәлімдеді. 

Айта кетсек, бұған дейін Жапония өзінің 126 миллион тұрғыны үшін «Файзер», «Модерна», «Астра-Зенека» вакциналарының 314 миллион данасына тапсырыс берген.

«Рейтердің» мәліметінше, бүгін планета бойынша «ковид» жұқтырғандар 107 миллионға, ал одан қайтыс болғандар 2 миллион 340 мыңға жақындап қалды.

Арыстан Рысбек

Бөлісу