Түркістан облысында мұқтаж жандарға берілген баспана сапасыз болып шықты
Түркістан облысы, Бәйдібек ауданында мұқтаж жандар мен тұрмысы төмен отбасыларға берген әлеуметтік тұрғын үйлер сапасыз болып шықты. Шатырлары суға толып, бөлмелердің қабырғаларын сыз тартқан. Жылу жоқ.
Тұрғын үйлерге кәріз жүйесі де тартылмаған. Салдарынан шайынды сулар сыртқа ағады. Шаян елдімекенінде газ болғанымен бұл үйлерге әлі күнге құбыр тартылмаған. Қыста күнелту қиын болғандықтан тұрғындардың біразы баспаналарын жауып кеткен.
Дариға Дүйсенбаева, Шаян ауылының тұрғыны:Жауын жауса төбемізден су ағады. Септикті дәретханаға қосып қойған. Ол толып кетеді.
Салынғаны екі жыл өтсе де жергілікті атқамінерлер сапасыз үйдің проблемасын енді ғана шешуге кірісті. Мердігер мекеме үйді қайта жөндеуі тиіс.
Бағдат Жанғазиев, Бәйдібек ауданы әкімінің орынбасары:- Ол жерде атқарылған құрылыстың барлығы сметаға сәйкес жасалынған. Біз қазір сол жердегі кемшіліктердің барлығына акті жасап, мердігер мекемеге хат жолдайтын боламыз. Ол кемшіліктерді мердігер мекеме арқылы жасатып береміз.
Айнұр Ақбаева
Автор
Айнұр Ақбаева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақтөбеде ауыл жастарының спартакиадасы басталды
16.09.2026, 17:35
Жамбылда ақын-жазушылардың шығармалары аудио нұсқада жарық көрді
16.09.2026, 17:30
Атырау облысы Исатай ауданындағы ауылдарға жаңа мәдениет үйі қажет
16.09.2026, 17:27
Түркістан облысында сортаң жерге де терек өсіруде
16.09.2026, 17:25
Ел жаңалықтарына шолу
16.09.2026, 17:22
Англияда туристерге салық салынуы мүмкін
16.09.2026, 17:20
Ресейде ірі мегаполистер қоқыс астында қалды
16.09.2026, 17:17
Нарықта мұнай бағасы құбылып тұр
16.09.2026, 17:15