Мамыр айынан бастап көше атауларын өзгертуге мораторий енгізіледі
1мамырдан бастап елді мекендердегі көшелер, алаңдар мен даңғылдардың атауын өзгертуге уақытша мораторий енгізу жоспарланып отыр. Бұл ұсыныс халық санағын өткізу жөніндегі арнайы комиссияның отырысында мақұлданды. Вице-премьер Әлихан Смаилов ұлттық статистика бюросы мен Президент әкімшілігіне хат жолдауды тапсырды.
Айта кетейік халық санағы биыл қыркүйектің 1-нен қазанның 30-ына дейін өтеді деп жоспарланған. Халық үйде отырып ақ, sanaq.gov.kz сайтына кіріп, санақ парағын онлайн толтыра алады. Десе де дәстүрлі санақ жүргізу тәртібімен мамандар үй-үйді аралап шығады. Олар планшет арқылы тізімдерді тіркеп, мәліметтерді арнайы мобильді қосымшаға енгізеді.
Раушан Сайлауқызы
Автор
Раушан Сайлауқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бельгиялықтар қазақ моделі А.Елшіннің мұрасымен танысты
02.11.2026, 13:19
«Таза Қазақстан»: Оқушылардың үздік жобасы анықталды
02.11.2026, 13:17
10 жылдан бері тоқтап тұрған су жобалары қайта қолға алынды
02.11.2026, 13:15
Түркістан облысының ауылында спорт кешені салынып жатыр
02.11.2026, 13:13
Жолдау-2026: Депутаттар өңірлерді аралауды бастап кетті
02.11.2026, 13:11
Депутаттар Жолдауды түсіндіруге атсалысады
02.11.2026, 13:10
Оңтүстік Корея ЖИ-ді дамытуға мол қаржы салмақ
02.11.2026, 13:07
Тегеран: 7 талабымызды орындаса ғана келіссөз өтеді
02.11.2026, 13:05